RU

Қарағанды облысы Саран қаласында бірде-бір қазақша көшенің жоқтығы жұрттың ашуын тудырды

Қарағанды облысы Саран қаласындағы 238 көшенің ең болмағанда біреуі қазақшаға өзгертілсе деген халықтың арманы орындалмай отыр деп хабардай 31-арна.

«Рабочая», «Фестивальная», «Веселая», «Солнечная» сияқты Саран қаласындағы көшелердің саны130-дан асып жығылады. Мұндағы 238 көшенің қазақ тіліндегісі бар болғаны сегіз пайызды ғана құрайды. Тұрғындар көшелердің аттарын тарихи атауларға өзгертуді сұрап, жауапты мекемелерге ұсыныс хат та жолдапты.

«Бірақ көше аттарының ескіріп, мән-мағынасыз екенін мойындаған тілдерді дамыту бөлімінен әлі күнге дейін жауап жоқ», - дейді ашынған тұрғындар.

Саран қаласының тұрғыны, Адамжан Мұсабеков орталық алаңға Қазақстанға көп еңбегі сіңген Қонаевтың атын беруді сұрайды.

"Бізде орысша аталған көшелер бар. Мысалы Рабочий көшесі, жақсы ұзын көше. Кіреберісте. Соған мысалы Абылай ханның атын беруге болады", - дейді Саран қаласының тағы бір тұрғыны Тоқан Ақпанбаев.

Дегенмен Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа көше аттарын ауыстыруға орындауға асықпайды. Өйткені, даңғылдардың аттарын ауыстыру жат нәрсе деп отыр.

Бірақ екінші бір сөзінде қала әкімі атауларды ауыстыру мәселесі қаралып жатыр дегенге сендірді. Сөзінше, құжаттар да әзірленіп жатқан көрінеді. Ал көшелердің есімі қашан жаңартылатынын шенеунік айтпады.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

Михаэль Шумахер ескі «Мерседесін» 100 мың еуроға сатпақшы (фото)

Қостанай облысында ызаға булыққан ер адам екі танысын балталап тастады

Әуе билеттерінің бағасын шарықтатқан Эйр Астананың үстінен тағы да іс қозғалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1291840-qaraghandy-oblysy-saran-qalasynda-bir.html