Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жұма күнгі жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Опубликовано:

Танымал адвокат Жангелді Сүлейманов 4,5 күндік жұмыс аптасын бекітуді ұсынып отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен ортақ ымыраға келіп, барлық жұмысшылар үшін 8 сағаттық жұмыс күнін 1 сағатқа қысқартып оны 7 сағаттық жасауды ұсынамын. Қазір біз аптасына 5 күн жұмыс істейміз, бұл 40 сағат. Ал мен болсам, 5 жұмыс күнін қалтыра отырып, оны 7 сағаттық кестеге көшіруді ұсынамын.

Екінші ұсынысым, жынысына қарамастан барлық қазақстандықтар үшін 4,5 күндік жұмыс аптасын енгізу қажет. Бұл ретте жұмадағы жұмыс күнін қысқартып, түске ас мезгіліне дейін ғана жұмыс істеу керек», - деді Жангелді Сүлейманов ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелесу барысында.

Танымал адвокат мұндай ұсынысын «халықтық коммунистердің» әйелдер үшін жұмыс күнін екі есе қысқарту туралы идеяларына пікір білдіру барысында жасады. Оның айтуынша, коммунистердің ұсынысы өнеге тұрғысынан алып қарағанда жақсы болғанымен құқықтық тұрғыда жүзеге асырылмайтын жайт.

Естеріңізге сала кетсек, әйелдердің жұмыс уақытын еке есе қысқартуды Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубәкіров ұсынған болатын. Оның айтуынша, әйелдердің басым бөлігі медицина мен білім беру саласында жұмыс істейді. Бірақ, бұл жүйедегі жалақы өте төмен болып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

Михаэль Шумахер ескі «Мерседесін» 100 мың еуроға сатпақшы (фото)

Қарағанды облысы Саран қаласында бірде-бір қазақша көшенің жоқтығы жұрттың ашуын тудырды

Әуе билеттерінің бағасын шарықтатқан Эйр Астананың үстінен тағы да іс қозғалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1291979-qazaqstanda-zhuma-kungi-zhumys-uaqytyn/

pixel