Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазіргі Үндістан туралы 8 жантүршігерлік дерек

Опубликовано:

Үндістан сырттай қарағанда аса тылсым, таңғажайып сезімдер сыйлайтын, тарихы тереңнен тамыр алатын мемлекет болып көрінеді. Бірақ қазіргі Үндістанды тани түскен сайын, оның біздің өмірімізден әлдеқайда алшақ жатқан жатқан жеке дара әлем екенін түсінесің.

Үндістандағы жол қозғалысы - азап

Мұнда жол ережелері мүлдем жоқ. Үндістан жолдарындағы аласапыранды көріп, кез келген елдегі жол қозғалысына бейімделіп кететін кәнігі жүргізушілердің өзі қорқпай қоймайды. Автокөліктерге арналған жолда машиналар мен мотоциклдерден бөлек, ерсілі-қарсылы өтіп жатқан велосипедшілерді де, рикшаларды да, арбаларды, сиырларды, түйелерді, тіпті пілдерді де кездестіруге болады. Ал жаяу жүргіншілер болса, автожолдарға шығып алып жүргенді жақсы көреді. Дәл осы қозғалыс ешқандай заңдар мен ережелерге бағынбайды. Жол бойында белгілер мүлдем жоқ. Осыған қарамастан, Үндістанда жол апаты өте сирек болатынына қайран қалуға болады. Ал арты өлімге әкеп соқтыратын жол апаттары жоқтың қасы.

Үндістанда алкогольді сусындарды табу өте қиын

Үндістанның кей штаттарында ондай сусындар мүлдем жоқ. Ал басқа жерлерде оның сатылымы шектелген. Ал кедей тұрғындар үшін ол тым қымбат болғандықтан, мүлдем қолжетімсіз. Үндістанда сыра көбірек таралған. Жергілікті тұрғындар қант құрағынан қолдан арақ жасап ішеді.

Үндістандағы кедейлік жантүршігерлік деңгейде

Британ отары болғанға дейін Үндістан жеке дара мемлекеттерден құралған бай әрі алып ел болған. Ал отар және тәуелсіздік жылдары кедейшілік проблемасы аса ауқымды мәселеге айналды. Әлемдегі аса кедей жандардың үштен бірі Үндістанда. Байлар аса бай, ал кедейлер аса кедей деңгейде.

Қоғам әлі де касталарға бөлінеді

Үндістанда адамдар кастаға бөлінетінін бәрі біледі. Бірақ, бұл ежелгі дәстүрі және қазір оның мәні жоқ деп ойласаңыз аса қателесесіз. Үнді қоғамы әлі де кастаға бөлінеді. Брахмандар (шенеуніктер), Кшатриялар (әскери адамдар), Вайшьялар (саудагерлер) және Шудралар (шаруалар мен жұмысшылар). Ал қалған тұрғындар Далиттер — олар еш кастаға жатпайтын, ең төменгі деңгейге жатады. Олар кір жуушылар, дәретханаларды тазартушылар, кәрізді тазалаушылар. Далиттер басқа касталар жүрген жерге аяқ баспайды. Тіптен олар үшін храмдардың да есігі жабық.

Елдегі тазалық адам шошырлық жағдайда

Орталық ыстық сумен қамту жүйесі еш жерде жоқ. Ең арзан деген мейманханалар мен жатын орындарда ыстық су тіптен жоқ. Кей жерлерде оны таңертең бөшкемен әкелуі мүмкін. Ал кішкене сапалырақ орындарды бойлер арқылы ыстық су орнатылған. Дәретхана қағазын үнділіктер мүлдем қолданбайды. Олар кез келген адам көзінен таса жерлерде дәрет сындыра салуға әдеттенген.

Үндістанға есігі жоқ, үйлері еш уақытта құлыпталмайтын ауыл бар

Шани Шингнапур деп аталатын шағын ауыл тұрғындарының аса діншілдігімен әлемге танылған. Шипгнапурлықтар Шани құдайына табынып, ол өздерін ұрылардан толықтай қорғайды деп сенеді. Ауылда шын мәнінде ешқандай ұрлық болмағанына қарап, тұрғындар өз құдайының оларға деген жылы көзқарасын сезініп жүрміз деген ойда. 2011 жылы ауылда алғаш рет банк ашылғанымен, оған да құлып салынбайды.

Үндістан көптеген жылдар бойы рекордты мөлшердегі астық жинаса да, тұрғындары аш жүреді

Мына парадоксты қараңыз: соңғы жылдары Үндістанның солтүстігінде астықтың рекордты мөлшері жиналса да, ол қоймады тұрып шіріп, адамдар тамақты дұрыс жемегендіктен өліп жатады. Бұл артық айтқандық емес. Адамдар аштықтан емес, тамақты тиісті мөлшерде жемегендіктен өледі. Күн сайын Үндістанда 3 мың бала тамақты тиісті мөлшерде жемегендіктен қайтыс болады. Ал бұл арада миллиондаған тонна бидай қоймаларда шіріп, ит пен құсқа жем болады. Бұл елдегі жемқорлықтың нәтижесі.

Үндістандағы жемқорлық - барлық проблемалардың бастауы

Үндістандағы 270 миллион тұрғын кедей өмір сүреді, 300-ге жуық тұрғын электр тогымен қамтамасыз етілмеген, тағы 100 миллион тұрғынның таза су ішуге мүмкіндігі жоқ. Үндістандықтардың жартысына жуығы әлемдік стандарттарға сай келмейтін санитарлық-гигиеналық жағдайда өмір сүреді. Ал 2014 жылғы сайлау бойынша, Үндістан төменгі парламентінің 30 пайызы сотталғандар.

Дереккөз: fishki.net

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Қарағанды облысы Саран қаласында бірде-бір қазақша көшенің жоқтығы жұрттың ашуын тудырды

Әуе билеттерінің бағасын шарықтатқан Эйр Астананың үстінен тағы да іс қозғалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1292039-qazirgi-undistan-turaly-8-zhanturshiger/

pixel