RU

Атырауда полицей әйел мен баланы қағып, ізін суытты

Атырауда полиция сержанты жаяу жүргіншілерді қағып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мақат ауданы ішкі істер бөлімшесінің 24 жастағы полиция сержанты 18 қазан күні шамамен кешкі сағат алтыда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарды қағып кетті. 1991 жылы туған әйел мен 2012 жылы дүниеге келген бала қажетті көмектер көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Тергеу жұмыстарымен Атырау облыстық ІІД айналысуда. Сот-медициналық сараптамасы жаяу жүргіншілер алған жарақаттардың дәрежесін анықтағаннан кейін істің қылмыстық, не әкімшілік болатыны туралы шешім шығарылады», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталмыш дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізуде.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Қарағанды облысы Саран қаласында бірде-бір қазақша көшенің жоқтығы жұрттың ашуын тудырды

Әуе билеттерінің бағасын шарықтатқан Эйр Астананың үстінен тағы да іс қозғалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292077-atyrauda-policey-ayel-men-balany-qaghy.html