RU

Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығына қайта сайланды

Алматыда Қазақстан бокс федерациясының кезектен тыс конференциясы өтіп, Тимур Құлыбаев бокс федерациясының басшылығына қайта сайланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн тәртібінде боксшыларымыздың Риода көрсеткен өнері және федерацияның жаңа президентін сайлау мәселелері болды.

Конференция қатысушылары бокс федерациясына Тимур Құлыбаев жетекшілік ете беруі үшін бір ауыздан дауыс берді. Оның аталмыш федерация басшылығындағы төртжылдық мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқталуі тиіс еді.

Тимур Құлыбаев Қазақстанның бокс федерациясына 2009 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Ол Олимпиада қорытындысына қатысты пікірін білдіре келе: «Төрелік бойынша сұрақтар өте көп. АИБА-ның алдағы отырысында мұның бәрін талқылайтын боламыз. Василий Левиттің ақтық сынында жағдай қалай қалыптасқандығын білесіздер - АИБА-ның атқарушы директоры қызметінен босатылды, барлық төрешілер шеттетілді.  Бірақ одан бізге жеңіл болған жоқ. Елбасы Левиттің және федерацияның барлық жұмысын бағалады. Бұл біз үшін қажетті баға», - деп атап өтті.

Бокс федерациясының президенті ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жұмысына оң баға беріп, оған және барлық жаттықтырушыларға сәттілік және төзімділік тіледі.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Қарағанды облысы Саран қаласында бірде-бір қазақша көшенің жоқтығы жұрттың ашуын тудырды

Әуе билеттерінің бағасын шарықтатқан Эйр Астананың үстінен тағы да іс қозғалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292086-qulybaev-qazaqstan-boks-federaciyasy.html