RU

Алматыда 6 жасар қызды зорлап өлтірген педофил 24 жылға сотталды (фото)

Алматыда алты жасар қызды зорлап өлтіргені үшін Артур Оғлы есімді тұрғын 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы "Евразия бірінші арнасына" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қаза болған қыз баланың отбасы сот шешімімен келісуде. Сотталушы бостандығынан айырылумен қатар, кәмелетке толмаған балалармен байланысты жұмыстар мен мұғалімдік қызметтен өмір бойына аластатылды.

Қылмыскер жазасын арнайы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады, ал алғашқы бес жылын түрмеде өткізеді. Отырыс залында сотталушы ешқандай эмоциясын байқатпады. Ал үкім жария етілгеннен кейін ол үкімге шағым түсіруге ниетті екенін айтты. Ол үшін азамттың 15 күні бар.

Еске салсақ, жантүршігерлік жайт ағымдағы жылдың 7 шілдесінде болған. 41 жастағы педофил алты жасар Дарья Регурецкаяны алдап өз үйіне алып кеткен. Ол қыз баланы зорлап өлтіреді. Кейін, түк болмағандай баланың мәйітін қапқа салып, үй маңындағы люктердің біріне лақтыра салған. Ол, тіпті полицейлер келгенде ізін жасыруға тырыспады.

Артур Оғлы бұған дейін адам өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін істі болған. Екі жағдайда да оны мерзімінен бұрын босатқан.

Тағы да оқыңыздар:

Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығына қайта сайланды

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертпейтін болды

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Қазақстанда жұма күнгі жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Жиында «Айфонның» қызығына кіріп кеткен ОҚО әкімінің орынбасары ел аузына ілікті (видео)

Ямал аймағында болған тікұшақ апатынан екі Қазақстан азаматы мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292250-almatyda-6-zhasar-qyzdy-zorlap-oltirgen.html