RU

Назарбаев күтпеген жерден имиджін өзгертті (фото)

Сырқатынан жазылған Назарбаев шетелдік іссапарын Біріккен Араб Әмірлігінен бастады. Арқаның қысын уақытша аптап ыстыққа алмастырған Қазақстан президенті 21 қазан күні Абу-Дабидің тақ мұрагерімен келіссөз өткізді деп хабарлайды КТК арнасы.

Классикадан бас тартып, ерекше киім үлгісімен тәнті еткен Назарбаев Дубайға көк түсті бешпет киіп барды. Тағы бір назар аудартқаны елбасы өзімен бірге Кәрім Мәсімовті ерте келіпті. Әдетте, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ресми делегацияға кірмейтінін ескерсек, Абу-Дабидің тақ мұрагерімен нақты екі ел арасындағы қауіпсіздік жайы да тереңірек қозғалған сыңайлы.

Оның үстіне ханзада Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары екенін айта кетейік. Ал Назарбаев пен тақ мұрагері байланысты жандандырып алыс-берісті ұлғайтуға уағдаласты. Айта кетсек, арабтар Астанада әйгілі "Әбу-Даби Плаза" кешенін салып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығына қайта сайланды

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертпейтін болды

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Қазақстанда жұма күнгі жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Жиында «Айфонның» қызығына кіріп кеткен ОҚО әкімінің орынбасары ел аузына ілікті (видео)

Ямал аймағында болған тікұшақ апатынан екі Қазақстан азаматы мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292411-nazarbaev-kutpegen-zherden-imidzhin-oz.html