RU

Үйсіз ақсақалға жылы аяқ киім ұсынған астаналық жігіт жұртты тәнті етті (фото)

Астанада үйсіз жүрген қарияға жылы аяқ киім мен шұлық әкеліп берген жас жігіт көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жігіт ақсақалдың аянышты күйі туралы өз Facebook парақшасында жазды. Айтым Жақыпов есімді тұрғынның бұл жазбасы желіде қызу талқыға түскен.

"Қымбатты достар, кеше түнде үйге қайтып бара жатып, аялдамадан қарт кісіні байқап қалдым. Оның есімі - Бабыр, 53 жаста. Ата-анасының қазасынан кейін далада қалып, 20 жылын үйсіз өткізіп жатқан ақсақал суықтан қатты дірілдеп, аяқ киімсіз отыр екен. Жаным ашығаннан одан қандай көмек бере алатынымды сұрадым. Ол болса, менен тек жылы шұлық әкеліп беруін өтінді. Ескі аяқ киімі жыртылып, су өтіп кеткен екен. Мен оған шай мен тамақ алып беріп, ешқайда кетпей, күте тұруын өтіндім", - деп мән-жайды түсіндірді азамат.

Жігіт оған үйінен аяқ киім алып келген.

"20 минут күте тұруын сұрап, үйіме бардым да, бірнеше жылы шұлық пен жылы күртеше, аяқ киім мен бас киім ала шықтым. Ақсақал мені күтіп тұрғанда, келмей қалуымнан қорыққан екен. Алайда жылы киімдер әкеле жатқан мені көргенде қуаныштан жылап жіберді. Достар, бұл жазба жалғасын тауып, тағдыр тәлкегімен далада қалған адамдар тоңбағанын қалаймын. Осы орайда #подарилюдямтепло хэштегін құра отырып, әр адам бір жақсылық жасайды деген үміттемін", - деп ойын түйді Айтым.

Тағы да оқыңыздар:

Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығына қайта сайланды

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертпейтін болды

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Қазақстанда жұма күнгі жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Жиында «Айфонның» қызығына кіріп кеткен ОҚО әкімінің орынбасары ел аузына ілікті (видео)

Ямал аймағында болған тікұшақ апатынан екі Қазақстан азаматы мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292448-uysiz-aqsaqalgha-zhyly-ayaq-kiim-usynghan.html