RU

СҚО-да екі жігіт ер адамды таяқпен зорлап, азаптап өлтірді

СҚО-да екі жігіт таныстарын өлімші етіп сабап, тіпті тоқ ішегіне таяқ тықты. Ақыры солай өлтіріп тынған деп хабарлайды КТК арнасы.

Петропавлда бөтелкелесінің құлағын кесіп азаптаған екі қаскөй сотталды.

Көңілді отырыс қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде басталған. Сөзге келіп қалған олар мәселенің басын ашып алу үшін сыртқа шығыпты. Жұрттың көзінен таса жерде 22 жастағы Сергей Ханин мен 19-ға енді толған Игорь Мамалыжев Рафаиль Латфуллинге тап берген. Айтуларынша, ол екі досты балағаттаған көрінеді.

Жөнге салмақ болған қаскөйлер оның оң құлағын кесіп алып, тоқ ішегіне таяқ тығып, білгендерін істеген. Сөйтіп, Латфуллиннің шала-жансар денесін ағаштың арасына тығып, жайларына кетіпті. Олардың қылмысы толық дәлелденіп, екеуі 9 жарым жылдан арқалады. Үкіммен мерт болған жігіттің анасы да келісіп отыр.

"Ата- аналарына обал. Олар жұрттың көзіне не бетімен қарайды? Маған да қиын болды. Үкім қандай болғанда да, ұлым тіріліп келмейді ғой. Әжептәуір көмекшім еді. Қайтемін енді", - дейді жәбірленуші Нұрия Гайнанова.

Тағы да оқыңыздар:

Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығына қайта сайланды

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертпейтін болды

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Қазақстанда жұма күнгі жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Жиында «Айфонның» қызығына кіріп кеткен ОҚО әкімінің орынбасары ел аузына ілікті (видео)

Ямал аймағында болған тікұшақ апатынан екі Қазақстан азаматы мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292473-sqo-da-eki-zhigit-er-adamdy-tayaqpen-zorl.html