Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық дипломат көз жұмды

Опубликовано:

21 қазан күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары Максим Солин көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы дипломатиялық ведомство Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Қайғылы оқиға салдарынан досымыз әрі әріптесіміз Солин Максим Александрович көз жұмды. Ол дипломат мансабын СІМ-нің негізі қаланған 1992 жылы бастады. Қазақстанның Бельгия және Франциядағы елшіліктерінде еңбек етті. Бірінші санаттағы кеңесші дипломатиялық шеніне ие. Максим Александрович француз, ағылшын, қазақ тілдерінде еркін сөйлейтін», - делінген хабарламада.

2010 жылы сыртқы саясат саласындағы сіңірген еңбегі үшін Максим Солинге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысы жарияланған болатын.

Максим Солин 1970 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Артында әйелі мен баласы қалды. Қоштасу рәсімі 23 қазан күні сағат 11.00-де Астанада, Жансүгіров көшесі, 1 мекенжайында өтеді.

Тағы да оқыңыздар:

Алдағы тәуліктерде қар жауып, күн суытады

Павлодардың ең сұлу аруы белгілі болды (фото)

Олжас Сүлейменов немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Үйсіз ақсақалға жылы аяқ киім ұсынған астаналық жігіт жұртты тәнті етті (фото)

Астанада тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам қонақтарды тонап қоя берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1292525-tanymal-qazaqstandyq-diplomat-qaza/

pixel