RU

Астанада өрттен үш бала мерт болды

22 қазан күні елорданың Сарыарқа ауданында бесқабатты тұрғын үйде заттардың жануына байланысты үш балаға иіс тиіп, мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 қазан күні 11 сағат 53 минуттар шамасында Астана қаласының Сарыарқа ауданында бесқабатты тұрғын үйде шамамен екі шаршы метр аймақта заттардың жануына байланысты 2007, 2008 және 2009 жылдары туған үш бала иіс тиіп мерт болды», - деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

"Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің өкілдері келді. Алайда, өрт шыққан аймақ аса көлемді болмауы себепті ол өрт сөндірушілер келгенше сөндіріліп үлгерді. Бұл балаларға қарамаудың салдарынан орын алып отырған кезекті қайғылы жағдай", - дейді төтенше жағдайлар саласының өкілдері.

Тағы да оқыңыздар:

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Алдағы тәуліктерде қар жауып, күн суытады

Павлодардың ең сұлу аруы белгілі болды (фото)

Олжас Сүлейменов немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Үйсіз ақсақалға жылы аяқ киім ұсынған астаналық жігіт жұртты тәнті етті (фото)

Астанада тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам қонақтарды тонап қоя берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292661-astanada-ortten-ush-bala-mert-boldy.html