RU

Журналистер Ақтөбедегі терактіден аса құпия құжаттарды қолға түсірді

Ақтөбеде террористерді дайындаған Таңатаров туралы құпия құжаттардың бірі журналистердің қолына түсті деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде болған лаңкестік шабуылды Дмитрий Таңатаров ұйымдастырған. Теріс ағымның жетегінде кеткен жас жігіттерді жинап, сойқан салуға екі апта бойы тыңғылықты дайындаған да сол 27 жастағы лаңкес екен.

Содырлар сотының жабық өтуіне байланысты ақпарат барынша құпия ұсталғанымен, құжаттің бір данасы жергілікті газетке жарияланып кетті. Прокурорлар сонда да Таңатаровқа қатысты мәліметті ашып айтпай отыр.

"Таңатаров әу баста осы топты басқарған. Бағыт-бағдар берген", - дейді Бас прокурор орынбасары Андрей Кравченко.

Жиһадшы жігіт алдымен Сирияға да аттанбақ болыпты. Бірақ құжаты мен ақшаның жоқтығынан кете алмаған. Ақыры Арман Айтуған есімді сыбайласымен бірлесіп қалада ылаң салуды жоспарлайды. 18 жастағы Сұлтан Қабиевті ертіп, жиһадқа шығуға жігіттерді жинаған. Жалдамалы пәтерде үгіт жүргізіп, соңына ергендерін шабуылға ала кеткен.

Террорист Таңатаров қару-жарақ дүкенін алдын ала зерттеген екен. Мылтық пен оқ-дәрінің ашық тұрғанын да біліпті. Содырлар жолында кездескен адамдардың ешбірін аямаған. Амалсыз тәртіп сақшыларынан із суытқанда қала шетіндегі саяжайлар мен орман алқаптарында бой тасалайды.

Таңатаровтың өзі танысы арқылы үш сыбайласымен жалдамалы пәтерге жасырынады. Тәртіп сақшылары сол жерде оның көзін жойған болатын. Қазір тірі қалған 9 содыр мен олардың 20 сыбайласы сотталып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Алдағы тәуліктерде қар жауып, күн суытады

Павлодардың ең сұлу аруы белгілі болды (фото)

Олжас Сүлейменов немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Үйсіз ақсақалға жылы аяқ киім ұсынған астаналық жігіт жұртты тәнті етті (фото)

Астанада тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам қонақтарды тонап қоя берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292663-zhurnalister-aqtobedegi-teraktiden.html