RU

6 млн адамның қаңқасынан құралған қорқынышты мекен туралы не білеміз?

Париждегі катакомбалар - 6 млн адамның сүйектерінен құралған жантүршігерлік жерлердің бірі. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Жер астына қазылып салынған 280 шақырымдық катакомбада 6 млн мәйіттің бас сүйектері жатыр.

Бұл үңгір алдымен тас жинау мақсатында қазылған болатын. Кейін XVIII ғасырдың ортасында үңгір қалалық қорымға айналып, зираттан миллиондаған қаңқалар үңгірге әкелініп отырды. 1418 жылы болған без обасынан үңгір тағы 50 мың мәйітке толықты.

Нәтижесінде қорым үлкен індеттің көзіне айналып, жағымсыз иіс тарата бастады. 1780 жылы толассыз жауыннан қорымның қабырғалары қирап, мәйіттердің шексіз легі тұрғындарың жертөлесінен бір-ақ шықты. Нәтижесінде қорым жабылып, 15 ай бойы әр түнде қызметкерлер мәйіттердің қаңқаларын залалсыздандырып, катакомбаға тізе бастады.

Осылайша 17 зиратты тазартқан қызметкерлер катакомбаға 6 млн адамның қаңқасын тізген. Бүгінде бұл қорқынышты мекен туристер қызықтайтын жерге айналған.

Бір кездері Валь-де-Грас шіркеуінің күзетшісі Филибер Аспер катакомбалардың әр бұрышын зерттемек болып, ішінде адасып кетеді. Оның мәйітін катакомбадан тек 11 жыл өткесін таба алған.

Тағы да оқыңыздар:

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Алдағы тәуліктерде қар жауып, күн суытады

Павлодардың ең сұлу аруы белгілі болды (фото)

Олжас Сүлейменов немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Үйсіз ақсақалға жылы аяқ киім ұсынған астаналық жігіт жұртты тәнті етті (фото)

Астанада тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам қонақтарды тонап қоя берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292665-6-mln-adamnynh-qanhqasynan-quralghan-qorq.html