RU

Белгілі қырғызстандық әншінің 12 жастағы ұлын ызаланған көршісі аяусыз өлтіріп тастады

Қырғызстанның Ош қаласында белгілі әнші Женишбек Айтиевтің 12 жасар ұлы пышақ жарақатын алуы салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы akipress.org ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Ош қалалық ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, қала көшелерінің бірінен 2004 жылы туған Айтиева Туратбек Женишбековичтің мәйіті табылған. 21 қазан күні сағат 12:30-да Ош қалалық ішкі істер басқармасы кезекгі бөліміне Гастелло көшесінің тұрғыны белгісіз біреулердің жасы кәмелетке толмаған жасөспірімге пышақ жарақатын салғанын жеткізген.

Оқиға орнына бірден келген милиция жасағы көп қабатты үйлердің жанынан Туратбек Айтиевтің денесін көрген. «Жедел жірдем» қызметкерлері оның өліп кеткенін мәлімдеген.

Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен қаза тапқан баланың көршісі ұсталды. Ол Ресейге табыс табу үшін кетіп, бұдан бір ай бұрын отанынан оралған 1994 жылы туған жігіт болып шықты. Ұсталған кезінде оның қолында пышақ болды. Ұсталушы бірден жасаған қылмысын мойындады. Ол марқұм баланы өзіне у беріп өлтірмекші болды деген айып тағып отыр. Сосын Туратбекті кіреберісте ұстап алып пышақпен ұрған.

Бала әкесінің айтуынша, оның ұлы бұрын психикалық аурумен ауырған.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баланың әкесі Женишбек Айтиев – әнші, асаба және әзілкеш. Оның 3 ұлы және 1 қызы бар.

Тағы оқыңыздар:

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Журналистер Ақтөбедегі терактіден аса құпия құжаттарды қолға түсірді

Алматыда 6 жасар қызды зорлап өлтірген педофил 24 жылға сотталды (фото)

6 млн адамның қаңқасынан құралған қорқынышты мекен туралы не білеміз?

Астанада өрттен үш бала мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292781-qyrghyzstandyq-belgili-anshininh-12-zhasta.html