RU

БАҚ Пакьяо сияқты "супержұлдыз" болу үшін Головкинге не істеу керектігін айтты

Boxingnewsandviews.com порталы кіші Флойд Мейвезер кеткен соң әлемдік бокстың супержұлдызы атағын Геннадий Головкин алуы мүмкін екенін жазды. Бұл туралы prosportkz.kz порталы хабарлайды.

«Головкин соңғы жылдарды бокс жұлдызына айналуды жоспарлады, бірақ GGG - үлкен жекпе-жектерді қажет ететін боксшы. Рингтен тыс кезде Головкин тамаша көрінеді - имиджі жақсы, Jordan және Apple-мен демеушілік келісім-шарты бар. Бірақ оның жасы 35-те, сондықтан жақын арада мықты боксшылармен кездесуі керек. Сол кезде ол жақсы PPV жинап, Мейвезер - Пакьяо жекпе-жегімен бір қатарда тұрады», - деп жазды басылым.

Сондай-ақ, портал супержұлдыз болуы мүмкін боксшылар ішіне кіші Эррол Спенс, мексикалық Сауль Альварес және Шакур Стивенсон (АҚШ) мен Майкл Конланды (Ирландия) қосты.

Тағы оқыңыздар:

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Журналистер Ақтөбедегі терактіден аса құпия құжаттарды қолға түсірді

Алматыда 6 жасар қызды зорлап өлтірген педофил 24 жылға сотталды (фото)

6 млн адамның қаңқасынан құралған қорқынышты мекен туралы не білеміз?

Астанада өрттен үш бала мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1292893-sheteldik-baq-golovkinge-superzhuldyz.html