RU

Бомбалау кезінде қолын жұлып кеткен сириялық қыздың қуанышы

Бомбалау кезінде қолын жұлып кеткен сириялық қыздың қуанышында шек жоқ. Мамандар оған жасанды білек салып берген деп хабарлайды Muslim.kz.

Алеппо қаласында тұратын Тасним Якти ол кезінде он жаста еді. «Аяқ астынан бомбалау басталып кетті. Қабырғалар құлап, терезелер қирап жатты», – деп еске алады сол бір қайғылы күндер жайлы.

Осы оқиғадан соң оның отбасы Сириядан қашып шығып, Ливан елінің Харайиб ауылында тұрақтаған.

Сол бомбалау кезінде Таснимның сол қолын бомба жарықшағы жұлып кеткен. Қырсыққанда, Тасним бала жасынан солақай болып шықты. Ол, тіпті, орамалын орап, сөмкесін мектепке алып барудың өзі қатты қиналатын еді.

Арада жыл өткенде Таснимды Оңтүстік Африка гуманитарлық ұйымының мүгедектерді жоғары технологиялық протездермен қамтамасыз ету жобасына тіркеген болатын. Енді, міне, мамандар оған жасанды білек салып беріп отыр.

Тағы оқыңыздар:

 

ОҚО-да өздері ереже бұзып, тұрғыннан қашып кеткен полицейлердің абыройы төгілді (видео)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Олжас Сүлейменов жиен немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293008-bombylau-kezinde-qolyn-zhulyp-ketken-s.html