RU

Күлекбаев тағы да мінезін көрсетіп, судьяның сұрағына қырсығып жауап беруде

Алматыда террорлық акт ұйымдастырған деп айыпталып жатқан Руслан Күлекбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот қазақ тілінде өтуде. Алайда күдікті мінезін көрсетіп, судьяның сұрағына қырсығып жауап беруде деп хабарлайды NUR.KZ.

«Күлекбаев орныңыздан тұрыңыз!», деген судья Ерлан Болатовтың талабына Күлекбаев бағынбады. Бірнеше рет айтып орнынан тұрғыза алмаған судья ақыры себебін сұрауға мәжбүр болды.

Ішін көрсетіп Күлекбаев: «тұрсам, ауырады!», деп жауап берді.

Бұған судья келісті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сол арада Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты басты сот отырысы алдында айыпталушылардың бірі Ербол Құсайыновтың адвокаты Шамиян Жайылқанов мұндай қанды істе неге қорғаушы болуға келіскенін айтты хабарлайды сот залынан ҚазАқпарат.

«Біз дәрігерлер секілді алдымызға келген адамның кім екеніне қарамастан қорғауға міндеттіміз. Руслан Күлекбаевты қорғаудан адвокаттар бас тартты деген әңгіме - бекер. Мемлекет адвокатты бекітеді, ол оны қорғауға міндетті. Маған да ағайын-туыстарым, отбасымдағы адамдар тарапынан не үшін мұндай істе қорғаушы болуға келістің деген тарапта сын айтылып жатыр. Менің қорғауымдағы айыпталушы Құсайынов Ерболдың аталған террактіге еш қатысы жоқ. Руслан Күлекбаевтың қылмыстық істі ұйымдастырудағы жоспарынан бейхабар болған. Менің қорғауымдағы адамды ұрлық жасады, қарулы шабуыл жасады деп айыптап отыр. Жәбірленуші Мещериковті Руслан Күлекбаевпен бірге тонады деп айыптаған. Мещериковтің өзі де, оның көршілері де жәбірленушіні Күлекбаевтың жалғыз өзі тонағанын айтып, куәлік берді. Күлекбаев оның сөмкесін ұрлап кеткен, сөмкеде «айпад» қана болған», - деді Шамиян Жайылқанов.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты басты сот отырысы өтеді.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Руслан Күлекбаевқа қатысты қылмыстық істі аталған сот судьясы Ерлан Болатов жүргізіп жатыр. Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді. 2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды. Руслан Күлекбаевқа 8 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерін және 2 бейбіт тұрғынды өлтірді, террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да өздері ереже бұзып, тұрғыннан қашып кеткен полицейлердің абыройы төгілді (видео)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Олжас Сүлейменов жиен немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293030-kulekbaevtinh-advokaty-atyshuly-qylmy.html