RU

Шымкентте бас қосқан бақуатты адамдардың жиыны желі қолданушыларының ашуына тиді

Шымкент әкімдігі бақуатты азаматтардың басын қосып, екі күндік форум өткіземін деп, сынның астында қалды, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Шымкентте «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен MOVE UP 2050 азаматтық қоғам белсенділерінің ұлттық кеңесі өтті. Таулы аймақта өткен басқосуға шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан өзге Ерлан Қарин, Айдос Сарым, Айдын Кәрібжанов секілді танымал тұлғалар қатысты.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, бұл форумда жастар өз Отанының болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге шақырылыпты. Баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп отырған себебіміз, ұйымдастырушылар бұрынғы әдетіне салып, журналистерді теріп шақырған.

Шымкент әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында таратылған мәліметте форумға бақуатты адамдар қатысқан. Бұл ақпарат желі қолданушыларының ашуына тиді.

«Шымкент қаласы əкімінің баспасөзі тек бақуатты адамдарды шақырып форум өткізетін болыпты. Дұрыс қой, миды ашытатын қара халықты неғылсын? Пайда түсетін, өз деңгейлеріндегі адамдармен кездесіп, алдағы уақытта қалай қара халықты лимон сияқты сығып, сөлін шығаруды ақылдасу керек қой» деп жазды шымкенттік блогер Айгүл Орынбек өзінің желі парақшасында. Сонымен қатар жазба авторы форум өткен орынның қай сатыда екенін де назарға салып өткен.

«Форум анау-мынау емес, қымбат қонақ үйде, қаланың шетінде "Алма-тау " деген жерде өтіпті. Ол жердің бағасы анау-мынау адамның қалтасы көтере бермейді. Кімнің қаражатымен бұл форум өткізіліп жатыр? Қала бюджетінің есебінен бе? Ұйымдастырушысы сол баяғы орыс тілді - Данат Жумин... Форумда не дегендерін қайдам, ең бастысы əкімнің баспасөз хатшысы бақыттан басы айналып бақуатты адамдармен өткізген күндерін аямай жариялап, елден сүйінші сұрады. Ең бастысы сендер бақытты болыңдаршы, бақытты адамдар... Сосын Шымкентке дым да жаны ашымайтын орыс тілді адамды шақырып форум өткізуді доғарыңдаршы!» деп ашуға булықты блогер. Бұл жазбаның желіде жарияланғаны сол әкімдіктің ресми парақшасында жазбадағы «бақуаттылар» сөзі жоғалып кетті.

Шымкент әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Жұмағұлова бұл жазбаға қатысты жауап та қатып, жұртшылықтан ресми кешірім сұрады.

«Біздің тарапымыздан кеткен қателік үшін кешірім сұрай отырып, алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдай қайталанбайды деген нық сенімдемін! Біздің ақпаратты оқып, жанашырлық танытқандарыңызға рахмет! Білгенімізді асырып, білмегенімізді жасырып оң көзбен қарайсыздар деген үміттемін!» деп жазған әкімдік өкілі жұртшылықты кемшіліктеріне түсіністікпен қарауға шақырды.

Айтпақшы, форумды ұйымдастырушылардың бірі «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Данат Жумин бұған дейін Шымкент әкімінің шаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарған. Сол кезде журналистер мен блогерлерді кездесуге шақырған Жумин орыс тілінде сөйлеп, қазақша сөйлеуді өтінгендерге «өзіме ыңғайлы тілде сөйлеймін» деп, жұрттың ашуына тиген болатын.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да өздері ереже бұзып, тұрғыннан қашып кеткен полицейлердің абыройы төгілді (видео)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Олжас Сүлейменов жиен немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293079-shymkent-akimdigi-kopshiliktinh-qaltas.html