RU

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт ақыннан кемі 30 мың доллар сұрап отыр

"Бәйтерек" монументі жанында болған жол апатынан зардап шеккен Мейіржан Қасымғалиев Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынованы кешіруге дайын, бірақ ол үшін алдымен материалдық және моральдік шығын өтелуі тиіс, деп хабарлайды Today.kz.

Мейіржан Қасымғалиев Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынова ұсынған қаржыны моральдік немесе материалдық көмек ретінде қабылдай алмайтынын айтады.

«Бізде чектер бар, бірақ бәрі бірдей сақталған жоқ. Мен алған жарақаттар жазылған анықтама бар. Бір жарым миллион деген көп ақша емес, оны мен өзім де таба аламын. Шындығы керек, бұл жеткіліксіз сома. Өз денсаулығымды бес мың долларға бағаламаймын. Мен ертеңгі күнімді ойлаймын – осының салдары қандай болмақ, алынған жарақаттар денсаулығыма қалай әсер етеді, 20 жылдан кейін аяқ-қолым қандай халде болады. Олардың ұсынған ақшаларын мен моральдік немесе материалдық көмек ретінде қабылдай алмаймын. Меніңше, бұл соманы екі-үш есе ұлғайтып 20-30 мың долларға дейін көтеру қажет. Ата-анам осы соманы әлден-ақ белгілеген болатын, она мен орынды деп санаймын», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Кейін дәрігерлер оның жағдайына баға беріп, оның есте сақтау қабілетіне зақым келгенін жеткізген болатын.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да өздері ереже бұзып, тұрғыннан қашып кеткен полицейлердің абыройы төгілді (видео)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Олжас Сүлейменов жиен немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293136-aynur-tursynbaevanynh-qyzy-qaghyp-ketk-3.html