RU

Үнемі үйінен жырақта жүретін Ерке Есмахан ұлымен сағынысып қауышты (видео)

Республикалық турне ұйымдастырып, елдің түкпір-түкпірін аралауға бел буған Ерке Есмахан Ақтөбеде әжесімен бірге тұратын ұлымен сағынысып қауышты деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыдан біраз уақыт бұрын алғашқы рет республbкалық турне ұйымдастырып жатқанын айтқан Ерке Есмахан Ақтөбедегі ұлы Мүсіліммен қауышып, сағынышын басты. Бүгін ол Ақтөбедегі Ырғызда концерт беріп, кішкене күнінде ән айтқан сахнаға шығып өнер көрсетпек.

Еркенің әр басқан қадамына ауыл тұрғындары да қуанып, олар Еркенің желідегі парақшасына жылы лебіздерін білдіруде.

"Еркенің концертін көруге бүтін аймақ жиналып жатыр", "Ырғыз сені күтіп отыр Ерке қыз", "Билетінің құны 1000 теңге екен, бізде, Алматыда болса шарықтап кетер еді", - деп жазды олар.

Естеріңізге салсақ, бүгін Ырғыздан басталатын Еркенің кеші 25 қазанда Аөтөбеде жалғасатын болады. Ақтөбедегі Жастар сарайында өтетін концертке кіру 1000-3000 теңге тұрады.

Тағы да оқыңыздар:

Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?

Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы

Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды

Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293388-erke-esmakhan-gastroldetip-zhurip-kop.html