RU

Алматыда жүйіткіген Camry-ды Lexus аударып тастады (фото)

Әл-Фараби даңғылының жоғары тұсындағы Мирас көшесінде Lexus RX көлігімен соқтығысқан Toyota Camry аударылып қалды, деп хабарлайды Motor.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, Camry жүргізуші аса жоғары жылдамдықпен тауға қарай бет алған. Дәл осы сәтте тұрғын үй кешені жақтан шыққан кроссовер жүргізушісі солға бұрылғысы келді. Бұрылыс кезінде Toyota-ны іліп әкетіп, оң жақтағы бордюрге бір-ақ лақтырды.

Қатты соққыдан Camry аударылып қалды. Жол-көлік апатынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Түрлі жарақат алған жүргізушіні жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да өздері ереже бұзып, тұрғыннан қашып кеткен полицейлердің абыройы төгілді (видео)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Тойда қолына пышақ алып, төбелес шығарған бойжеткен жаға ұстатты

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Олжас Сүлейменов жиен немересінің тойын Түркияда дүркіретіп өткізді (фото)

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293396-almatyda-zhuyitkigen-camry-lexus-pen-soqtyghysy.html