RU

Волочкова ақша үшін жыныстық қатынасқа баратынын ашып айтты (видео)

Ресей тележүргізушісі Лера Кудрвцева белгілі балерина Анастасия Волочковаға ақша үшін ер кісілермен секске баратынын мойындатты. Бұл туралы НТВ ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

«Секрет на миллион» ток-шоуының жүргізушісі хабар кезінде жанжалы көп балерина Анастасия Волочкованың ақша үшін кіммен болса да, жыныстық қатынас жасасуға бара беретінін жеткізді.

Қатысушылары қандай да бір құйтұрқы сұрақтар қойылса да, жауап беруі тиіс болып саналатын НТВ арнасының жаңа тележобасына Волочкова да келді. Осы шоудың арқасында белерина өмірінің көптеген құпия жақтары ашылды.

Кудрявцева хабар барысында өзінің өзгеше шпагатымен танылып жүрген атақты балеринаға ақша үшін әртүрлі еркектермен интимдік қатынастарға баратынын мойындатты.

Сөз барысында Лера, тіпті 40 жастағы Настяның «қолдан қолға көшіп жүретінін» айғақтап беретін видеожазбаны да жұрт назарына ұсынып үлгерді. Онда бір бейтаныс еркек Волочковаға 20 мың доллар ақша үшін өзінің бір клиентімен бір түнін өткізуді ұсынады.

Ақылы интим туралы видеоны көрген прима-балерина бұған титтей де таң қалған жоқ. Ол мұның орнына сұраққа: «Айтыңыздаршы, Ресейде жақсы көздері үшін еркектер жарты миллион доллар тұратын «Майбахты» сыйға тартатын әйелдер көп пе?» деп, қарсы сұрақ қойып, жауап қайтарды.

Анастасия Волочкованың қатысуымен өткен бағдарлама эфирге 23 қазан күні жіберілді.

Тағы да оқыңыздар:

Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?

Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы

Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды

Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293536-volochkova-aqsha-ushin-zhynystyq-qatynas.html