RU

Атышулы Әліби Жұмағұлов тағы бір адамды полицияға ұстап берді

Түрмеге қамалған танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің "тоқалымен" ойнас құрамын деп, өлім аузынан қалған астаналық тұрғын Әліби Жұмағұлов полицейлерге есірткі тасымалдаған бойжеткенді ұстап берді.

Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sn.kz хабарлады.

"Жұмағұловтың полицияға жазған арызынан кейін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 296 бабы (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-химиялық сараптама көрсеткендей, 21 жастағы бойжеткеннен тәркіленген бір келіден астам зат марихуана болып шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, былтыр сәуір айында танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиев Әлібиді өлімші етіп сабап, зорлық көрсеткен болатын. Басты себеп - Әлібидің кәсіпкер "тоқалы" Айнұр Исинаға қырындауы еді. Қоғамда үлкен шу тудырған осынау іске былтыр нүкте қойылып, Жамалиев 13 жылға бас бостандығынан айрылды.

Тағы да оқыңыздар:

Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?

Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы

Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды

Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293571-atyshuly-alibi-zhumaghulov-taghy-bir-adam.html