RU

Еріңізді «есінен тандырардай» сүюдің тәсілдері (+18)

Егер сүйіктіңізді «ақылынан айырғыңыз» келсе, ыстық қатынасты әдемі сүйісумен көркемдей біліңіз деп жазады ikerim.kz.

Себебі сүю махаббат ойынында маңызды әрі басты рөлді атқарады. «Еркектер тек көзімен сүйеді» деген жалған сөз, олар құлақпен де сүйеді. Сондықтан еріңізді сүйген уақытта өзіңіздің еркелігіңізді сезімтал әдіспен жеткізе білу керек. Мұндай нәзік дыбыстар мен ерініңіздің қимылы оны құмартып қана қоймайды, сонымен қатар оның эрогендік аймақтарға әсер етеді екен. Сүйісуің еріңнің көңілінен шықсын десең, төмендегі он тармаққа көз салыңыз…

Ыммен белгі беру

Сүйіктіңнің көңілінен шығудың бір жолы құрғақ ерінді «сыйға тарту». Бірақ оның ернінен емес, жәймен оның жағынан, маңдай тұсынан өбіп бастаңыз. Бұл жердегі мәселе, ер адамның бетіндегі түгінен сүюде. Яғни, оның көркі саналатын түктерінен сүю оған жақсы сезім сыйлайды.

Классикалық жанр

Ернінен сүю деген жәй нәрсе емес. Оны тезірек тебіренту үшін қалай сүйген жөн дейсіз ғой? Бұл үшін оның астыңғы ернін жәй тістеп, ақырын ғана өзіңізге тартыңыз. Дәл осы сәтте ол да сіздің үстіңгі ерніңізге осы әдісті қайталаса эффекті жоғары болады.

Таңдай - дененің ең сезімтал тұсы болып есептеледі. Сол себепті келесі сүйісу кезінде бірнеше рет оның таңдай тұсын да сүйіп өтуді ұмытпаңыз! Көптеген еркектер бұл әдістің жыныстық қатынасқа түсуге ниетін ашатынын мойындайды.

Қарама-қарсы сүйісу

Серіктесіңізге контрастты сүйісті байқап көруге болады. Ол үшін бір стақанға салқын су, келесісіне ыстық сусын құйыңыз (шәй немесе кофе). Алдымен ыстық сусыннан біраз тамшы ішіп оның білегінен сүйіңіз, осы әдісті бірнеше рет қайталауға да болады. Одан кейін, салқын сумен байқап көріңіз. Бұл әдіс еріңізге ерекше әсер береді.

Еркектердің эрогендік аймақтары:

Құлақ

Ақырын ғана ерніңізбен оның құлақ тұстарын өбуге болады. Содан кейін құлағының ұшын тістелеу де артық етпейді. Бұл оның сезімталдығын оятады. Артынан құлағының сырқалық тұсын өзіңізге қарай ерніңізбен тартып ойнаңыз. Осы сияқты әдістер оны төсекте белсендірек болуға әсер етеді.

Мойын

Бұл тұс ер адамның ең бір әсерленгіш аймағы. Көпшілік бұлай сүюді жыныстық қатынасқа шақырудың ашық түрі деп бағалайды. Дегенмен, оны еліктіргіңіз келсе мойнының астыңғы және артқы бөліктерін аймалап сүй керек. Осы бір маңда оны қаттырақ сүюге де мүмкіндік бар.

Көкірек

Төс тек әйел адамдардың эрогендік аймағы саналады десеңіз қателесесіз! Жоқ, еркектердің де төсі өте сезімтал. Ол жерді тіліңіздің ұшымен немесе тіліңізбен аймалап өтуге болады. Сауалнама нәтижесі бойынша еркектердің ләззат алуы үшін осындай аймалаулар қажет екен-міс.

Саусақтар

Көпшілік әйелдер «қол мен саусақтар ешкімді елітпейді» деп ойлайды екен. Ол қате пікір болып шықты, керісінше еркектің саусақтарының арасын тіліңіздің ұшымен жалаңыз, нәзік қана сүйіп қойыңыз. Әсересе, саусағының ұштарын сүю жақсы рахат сыйлайды.

Құпия «нүктелер»:

Іші

Еркектердің кіндігі мен жыныс мүшесінің аралығы өте нәзік аймақ болып саналады. Төсек қатынасында осы жерге мән бергініңіз дұрыс. Ол жердің нәзіктігі сонша, бірнеше рет сүйгеніңіз ләззат сыйлайды. Бірақ сіз асықпай бірнеше минутқа созуға тырысыңыз.

Омыртқасы

Егер сіздің сүйіктіңіз массажды ұнататын болса, оған тілмен жасаған «массаж да» ұнайды. Бұл ерекше сүюді іске асыру үшін, серіктесіңізді ішімен жатқызыңыз. Содан кейін, оның арқасына шығып, ерніңізбен аймалаңыз. Омыртқасының ортасынан оңға және солға қарай бағыттап сүю керек. Қолмен жасалған массаж оны демалдыратын болса, тілмен жасалғаны оны ынтықтырады.

Аяғы

Еркекті есінен тандырудың бір жолы - оның аяқтарынан сүю. Бұл олардың қытығын келтіруі мүмкін, бірақ сонымен қатар рахат тарту етеді. Бастысы оны ынтықтырып, құмарлығын ашып сүю керек.

Осы әдістер арқылы сүйіктіңізді сергітіп көріңіз. Тағы бір қызықты ақпарды қоса кетейік, мамандардың айтуынша жігітіңіздің қай жеріңізден сүйетініне қарап ниетін аңғаруға да болады екен. Олай болса қызық үшін оқып көріңіз…

Қолдан сүйгені — мен сені құрметтеймін дегені. Бұл достық пен ізеттіліктің белгісі. Сонымен қатар сіз үшін қам жейтін қамқорлықтың дәлелі. Бір кездері ол тек сәлемдесудің белгісі болатын, ал қазір оның мәні біраз өзгеріске түсті деп айтуға болады.

Беттен сүю — мен сенің досың болғым келеді дегенге саяды. Бірақ ол ыстық қатынасқа ұласуды қалайтын адамның әрекеті. Сізді жоғалтқысы келмейтін, ол үшін маңызды екеніңіздің айғағы.

Мойыннан сүю — мен сені қалаймын. Аңсаудың, шөлдеудің белгісі.

Құлақтан сүю — мен тек ойнаймын.

Мұрыннан сүю — ұнатамын дегені деп ұғыңыз.

Маңдайдан сүю — бұл аналық қамқорлықтың белгісі іспеттес. Ал жігіт сүйсе, назар аудара жүретінін, көмек көрсетуге дайын екенін білдіреді.

Еріннен сүю - мен сені сүйемін деген махаббаттың белгісі. Бір данагөйдің айтуына қарғанда «екі адамның жаны еріндердің түйіскен кезінде кездеседі» екен. Сондықтан ол тек ғашықтықтың, махаббаттың дәлелі.

Тағы да оқыңыздар:

Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?

Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы

Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды

Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293603-erinhizdi-esinen-tandyrarday-suyudi.html