RU

Баласының көзінше күйеуін балағаттаған әйелдің басы дауға қалды

Италияда кезекті отбасылық жанжалдың соңы соттасумен тынды. Италиялық келіншек бұрынғы күйеуін ортақ баласының көзінше балағаттап, сөге сөйлегені үшін үлкен айыппұл төлейін болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Рим азаматтық соты шығарған үкімге сәйкес, әйел баланың тыныштығын бұзумен қатар, оның ата-анасымен тең қарым-қатынасына шектеу қойды.

Судьяның айтуынша, баласын қамқорлығына алған анасы әке мен ұлының арасын қалпына келтіруге тырыспақ түгілі, баласының көзінше әкесін жаман сөздің астына алып, ар-ожданына тиер ауыр сөздер айтқан.

Осылайша, соттың пайымынша, анасы баланың психикалық жағдайына ауыр соққы жасап, оның ата-анасымен тең араласуына кедергі келтірді, деп жазады The Local.

Сотқа төрағалық етуші судья әйелдің бұл әрекетін қылмысқа теңеп, егер баласының көзінше күйеуін балағаттауын тоқтатпаса, «ана құқығынан айырылатынын» ескертті және 30 мың еуро айыппұл салды.

Тағы да оқыңыздар:

Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?

Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы

Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды

Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293660-balasynynh-kozinshe-kuyeuin-balaghatta.html