RU

Белгісіз ер адам Шымкенттегі науқас қызға 50 мың евро аударды

Есімін құпия сақтауды қалаған тұрғын шымкенттік 3 жасар Виола Баланның еміне 50 мың евро аударды. Балақайға сирек кездесетін жүрек ақауын емдеу үшін шұғыл түрде ота жасау керек.

Отаны тек неміс дәрігерлер қомақты қаржыға жасай алатын болып шықты. Осы орайда қайырымды жаннан қомақты көмек келгенін Эля Алиева өз Facebook парақшасында жария етті.

«Досымның өтінішімен бүгін бүлдіршінге неміс клиникасында қымбат ота жасату үшін шотқа 50 мың евро салдым. Осылайша отаның бірталай ақысы жабылғанын ескерсек, бұйыртса, жақын арада қажет сома толықтай жиналып, қыз бала ота жасату үшін жолға шығады», - деп үміт білдірді Алиева.

Еріктілер ауыр халде жатқан Виоланы Берлинге, кейін қайтадан Астанаға жеткізе алатын арнайы борт іздеп жанұшырды. Нәтижесінде viola.help.me ресми парақшасында қуанышты хабар пайда болды. Қыз баланы жеткізе алатын арнайы ұшақ табылған.

Балақайдың жағдайы күн санап ауырлауда. Отаға ақша жиналып болғанша оның құны да жоғарылап жатыр. Бүгінде отаның құны - 108 мың евроға жеткен. Неміс дәрігерлері мұны қыздың жағдайының ауырлай түсуінен отаның күрделенуімен байланыстыруда.

Виола Баланға көмек көрсету үшін реквизиттер:

Халық банк, дербес шот :

KZ4260 1000 2001 883339

Халық банктің карточкасы:

4402 5735 6257 7835 карта нөмірі Fortebank: 5257 5201 00179189

ЖСН 830314402300

Балан Яна

Qiwi (киви) әмиян: +7 747 598 37 26

Webmoney әмиян ($) Z889287142890

Яндекс әмиян (рубль) 410014601664235

МТС (Ресей үшін) +7 985 012 42 70

Paypal - yanabalan83@gmail.com

Тағы да оқыңыздар:

Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?

Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы

Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды

Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293709-belgisiz-er-adam-shymkenttegi-nauqas-q.html