RU

Жамбыл облысында лотореядан көлік ұтқан тұрғынға ұтысын бермей қойған

 

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны Шарапиева Раушан лотореядан ұтқан көлігін бермей отырғанына шағымдануда.

«Шу базарының лоторея сататын киоскісінен «моментальный лоторея» алып, оны өшіріп көргенде автокөліктің белгісі 1 рет кайталанды. Егер «автокөлік белгісі 1 рет қайталанса сіздің ұтысыныз KIA Picanto ( 2000000 тг) делінген. Лотореяны тексертейік деп Алматы қаласына келдік. КазЛОТО ТОО «Милан KZ» компаниясының операторына жолықтық. Олардың мекенжайы: М. Ауезов драматеатрының жанындағы метроның подвалында орналасқан екен. Билетті тексеріп бер деп айтқан едік операторға, ол бізбен дөрекі сөйлесті. Сізде ұтыс жоқ деп оператор тираждың не шартын, не ұтыс шыққан қағазын көрсептей қойды, содан бізге арыз жаз деді», - деп мән-жайды түсіндірді бойжеткен.

«Біз КазЛОТО. ТОО «милан KZ» компаниясының директорына Сайдулаев С.С-қа арыз жаздық. Интернет арқылы тексерсек Сайдулаев С.С. деген директор емес. Барлық киоскілерден «Моментальный лотореяның» ұтыс шыққан тиражы бар ма деп сұрап шықтық олар жок, Каз ЛОТО бізге ештеңе көрсетпейді деді. Олар елді алдайды, ұтыс шыққан адамдарға да төлемейді деді», - деп күйінді ол.

Бойжеткен Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасына бұл жайтқа байланысты шағым түсірген.

Тағы да оқыңыздар:

Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?

Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы

Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды

Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды

Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293731-zhambyl-oblysynda-lotoreyadan-kolik-ut.html