RU

Семейлік әйел әжетханада көршісімен ұстап алған күйеуін сабап өлтірді

Семейлік әйел азаматтық некедегі күйеуін жалаңаш қолымен майып қылған. Ер адам көп ұзамай қайтыс болды. Бұл туралы Өскемен Жаңалықтарына сілтеме жасап qamshy.kz хабарлайды.

38 жастағы әйел мен оның күйеуі жігіттің анасының үйіне қонаққа келеді. Аздап ішкеннен кейін, жатып қалған. Ал таңертең ащы судан ұрттауды тағы жалғастырады. Ер адам аулада орналасқан дәретханаға шығып кетеді. Бірнеше минуттан соң әйелі де ізінен шығады. Сол кезде ағаш күркенің ішінен әйелдің дауысын естиді.

Есікті ашып қалған кезде әйел есеңгіреп тұрып қалған: күйеуі мен көрші әйел қатынасқа түсіп жатады. Әйел бұл екеуі кездейсоқ емес, бұрыннан кездесіп жүр деп ойлап үлгереді. Қатты шошынған күйде болған әйел, күйеуін аулаға алып шығып, қалай сабағанын да онша білмейді. Ер адам қашып құтылып үйге кіргенімен, әйелі қуып келіп оны ұруды жалғастырады.

Нәтижесінде зардап шегушінің ішкі органдары қатты зақымданған. Ер адам сотқа жетпей қайтыс болды. Алайда оның азаматтық некедегі әйелі еркектің өліміне айыпты ретінде танылмаған. Семей қалалық №2 соты денеге ауыр жарақат салғаны үшін әйелді үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Белгісіз ер адам Шымкенттегі науқас қызға 50 мың евро аударды 

Жан жарынан айырылған танымал тележүргізуші қиындықтарды қалай жеңгенін айтты

Атышулы Әліби Жұмағұлов тағы бір адамды полицияға ұстап берді

Күлекбаевтың «арақ-шарап сатқан күнәһар» кәсіпкерді қалай тонағаны анықталды

Төреғали Еркемен жаңа ән айтатынын әкесіне айтпаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293741-semeylik-ayel-azhetkhanada-korshisimen.html