RU

Әліби Жұмағұлов танысқан қызын мейрамхананың орнына полицияға апарып тастаған

Астанадағы бизнесменннің «тоқалымен» дос болғаны үшін соққыға жығылған Әліби Жұмағұлов әлеуметік желі арқылы танысқан бір қызды бірден полиция бөлімшесіне апарып тастаған. Себебі оның сөмкесінде марихуана болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған оқиға қазанның 20-сы күні болды. Оны қалалық ішкі істер департаменті де растап отыр.

«Жұмағұловтың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 296-бабы «есірткі заттарын заңсыз сақтағаны» бойынша бірыңғай реестрде тіркелді», -делінген ресми хабарламада.

Ал сот-химиялық сараптамаға сәйкес, 21 жастағы қыздан тәркіленген зат бір грамман асатын марихуана болып шықты.

KazTengrinews.kz порталына сұхбат берген қыз да осы оқиғаны растады. Оның айтуынша, Әліби Жұмағұловпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Содан қазанның 20-сы күні екеуі кездесті.

«Мен оның көлігіне отырғаннан кейін ол сұрақтың астына алды. Онымен не үшін таныстым? Кездесуге келгенде нені көздедім? Ал сөмкемдегі заттарды реттей бастағанда ол кішігірім қалташаны көріп, ішінде не бар екенін сұрады. Мен өзім үшін марихуна алғанымды жеткіздім», - дейді ол.

Осыдан кейін Жұмағұлов оны мейрамхананың орнына полиция бөлімшесіне апарып тастаған.

Тағы да оқыңыздар:

Белгісіз ер адам Шымкенттегі науқас қызға 50 мың евро аударды 

Жан жарынан айырылған танымал тележүргізуші қиындықтарды қалай жеңгенін айтты

Атышулы Әліби Жұмағұлов тағы бір адамды полицияға ұстап берді

Күлекбаевтың «арақ-шарап сатқан күнәһар» кәсіпкерді қалай тонағаны анықталды

Төреғали Еркемен жаңа ән айтатынын әкесіне айтпаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293748-alibi-zhumaghulov-tanysqan-qyzyn-meyra.html