RU

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Шымкентте ұл бала мен қыз бала иіс тию салдарынан қаза тапты деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұл бала 8, қыз 16 жаста болған. Қайғылы оқиға Шымкенттің 18-ші шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйде түнгі уақытта орын алған. Төтенше жағдай қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиғаның орын алуына газ жабдықтарын монтаждаудың техникалық талаптарының бұзылуы себеп болған. Бұл пәтердің иелері лоджияға суды жылытқыш пен газ плитасын алып шыққан, ал түтіндікті лоджияға қабырға арқылы шығарған.

Газ шаруашылығының апаттық қызметі газ кранын жауып, есептеу құрылғысына сүргі салған. Төтенше жағдай және газ қызметкерлері түтіндіктер мен жабдықтарды барлық нормалар мен талаптарға сай жөндеу керек екенін ескертеді.

Тағы да оқыңыздар:

Белгісіз ер адам Шымкенттегі науқас қызға 50 мың евро аударды 

Жан жарынан айырылған танымал тележүргізуші қиындықтарды қалай жеңгенін айтты

Атышулы Әліби Жұмағұлов тағы бір адамды полицияға ұстап берді

Күлекбаевтың «арақ-шарап сатқан күнәһар» кәсіпкерді қалай тонағаны анықталды

Төреғали Еркемен жаңа ән айтатынын әкесіне айтпаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293796-shymkentte-gazdy-durys-ornatpau-salda.html