RU

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген Екатеринбург тұрғыны Татьяна ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның бас сүйегіне зақым келді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды reactor.inform.kz.

44 жастағы зардап шегуші осы оқиғаның алдында балта сатып алған. Содан кейін танымайтын ер адамды үйіне шай ішуге шақырып, өзінің басын шауып тастауды өтінген. Тіпті бұл қызметі үшін бейтаныс азаматқа 100 рубль төлеген көрінеді. Мұны құқық қорғау қызметкерлері анықтап отыр.

"Анам өзі өтінген. Ол өмірмен қош айтысқысы келген. Бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай емес. Ол психикалық ауруға шалдыққан" – дейді зардап шегушінің қызы.

Келіншектің «өтінішін» орындаған ер адамды полиция мас күйінде ұстаған. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар:

Белгісіз ер адам Шымкенттегі науқас қызға 50 мың евро аударды 

Жан жарынан айырылған танымал тележүргізуші қиындықтарды қалай жеңгенін айтты

Атышулы Әліби Жұмағұлов тағы бір адамды полицияға ұстап берді

Күлекбаевтың «арақ-шарап сатқан күнәһар» кәсіпкерді қалай тонағаны анықталды

Төреғали Еркемен жаңа ән айтатынын әкесіне айтпаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293828-oz-ozin-oltiruge-tapsyrys-bergen-keli.html