RU

Семейде күйеуімен сөзге келген келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Семейде 22 жастағы келіншек шынашақтай қызын Ертіске ағызып жіберді. Күйеуімен жанжалдасып қалған ол өз-өзіне қол салмақ болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Баласын құшақтап өзенге секіргенде нәрестеден айырылып қалған.

Оқиға түнгі үште болыпты. Жолдасымен ұрсысып, ашуға булыққан әйел баласын алып үйінен шығып кетеді. Артынша, құшағындағы 1  жарым жастағы сәбиімен қоса Ертіс өзеніндегі қауіпті аумаққа жеткен.

Есін жинап өзі жағаға шыққанымен, ағыны қатты суда қолындағы баласын жоғалтып алған екен. Әзірге ерлі-зайыптылардың арасындағы өлімге итермелеген кикілжіңнің неден туғаны белгісіз.

Қазір бұл іске жергілікті полиция араласып, тергеу жүргізіп жатыр. Егер қасақана кісі өлтіруге оқталғаны дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал таңнан бері іздеуге кіріскен сүңгуірлер қыз баланың денесін таба алар емес.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео)

Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293941-semeyde-ozennen-bir-zhasar-qyzdynh-dene.html