RU

Қазақтың байлығын тонап қашқандар бүгінде шетелде шалқып өмір сүруде

Алаяқ шенеуніктер, қашқын банкирлер мен бюджет ақшасын бөліскен қалталы бизнесмендер Қазақстаннан 100 миллиард теңге ұрлапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұлардың барлығы бас-аяғы 10 жыл ішінде байып, отанынан безіп үлгерген. Жат жерден саяси баспана алған сұғанақ миллиардерлерді енді экстрадициялау қиынға соғуда.

Бас прокуратура үлкен ауқымда ұрланған ақшаның 30 пайызын ғана қайтарып үлгеріпті. Заңсыз жолмен елден шығарылған миллиардтар алдымен жасырын оффшорға түсіп, кейін Америка мен Еуропа асқан.

Бас прокуратура құлқыны кең сұғанақтар қолды еткен қыруар қаржының бір тиынын да қалдырмай қайтаруға білек сыбанып отыр. Бірақ, қолы байлаулы. Демократияны желеу еткен Еуропа мемлекеттері келіссөз жүргізуге ниетті емес. Сондықтан қазақтың байлығын тонап қашқан банкир, алаяқ шенеуніктер мен бизнесмендер бүгінде шетелде шалқып өмір сүріп жатыр.

Мәселен, Франция түрмесінде отырған Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллар, «Азбука жильяның» құрылтайшысы, экс-депутат Ерғанат Тайжанов 14 миллиард теңге, Виктор Храпунов та өмірінің соңына дейін жететін ақша ұрлап, Швейцарияда тайраңдап жүр.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео)

Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1293989-qazaqstannan-10-zhylda-100-milliard-tenhge-u.html