RU

Ердоған: Маған қымбатты досым Путиннің көмегі ауадай қажет

«Маған Таяу Шығыстағы дағдарыс пен тероризм мәселесін оңды шешу үшін қымбатты досым Владимир Путиннің көмегі ауадай қажет». Түрік президенті Реджеп Тайып Ердоған осылай деді.

Бұл туралы Әзірбайжанның Oxu.Az порталы ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Түрік көшбасшысы мұны «Россия-1» телеарнасында Михаил Гусман жүргізетін «Формула власти» бағдарламасында айтқан.

«Біз Ресеймен ынтымақтастық қарым-қатынас жасасу үшін кез келген қадамға барамыз», – деп атап өтті Ердоған хабар кезінде.

Оның айтуынша, Ресей мен Түркия аймақтағы екі дос ел болып табылады.

«Қазіргі әлемдегі жиналып қалған күрделі мәселелерді жеңу үшін біз бейбіт қатар өмір сүру үрдісіне қарай бейімделуіміз керек. Мұндағы басты мақсат адам болуға тиіс, ал адамдар бейбіт заманда өмір сүрулері керек. Біз бір-бірлерімізбен қазір дауыс жететіндей ара қашықтықта тұрып жатырмыз. Біздің бір-бірімізге жақын тұрғанымыз сондай, егер айғайласам, менің даусымды Сочидегілер естиді, ал Сочиден біреу маған қарап сөйлесе, оны мен де естимін. Мен біздер қашанда бейбіт өмір процесімен айналысуға, біртұтас және ынтымақты болуға тиіспіз деп санаймын. Осы ретте бүкіл Ресей халқына шын жүректен сәлемімді жолдағым келеді», – деді Ердоған.

Түркия президенті Сирия мәселесінде Батыстың ештеңе атқармағанын, көп көмектің Ресейден болғанын ерекше атап өтті.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео)

Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294027-erdoghan-maghan-qymbatty-dosym-putinni.html