RU

Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Қазақстан президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді деп хабарлайды NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келді. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізу қарастырылған.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео)

Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294156-nazarbaev-mukhammed-payghambar-meshiti.html