RU

Ақтөбеде күйеуі түрмеге қамалған келіншек сегіз айлық баласын түсіріп алды

Ақтөбе облысында Хромтау аудандық полиция бөлімшесіне түскен арыз үш полиция қызметкерінің басын бәлеге қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Ауыл тұрғынының үстінен алаяқтық бойынша іс қозғаған полиция қызметкерінің өздері шатылып кетті. Батырбек Бахрадинов, Сырым Қадіржанов, Болатбек Құрманбай есімді полицейлер қазір қамауда отыр. Олар - құқық қорғау саласында 2 жылдан 15 жылға дейін жұмыс жасағандар. Ал олардың әйелдері күйеулеріне қастандық жасалғанын айтып, көмек сұрайды.

«2016 жыл 29 ақпан күні Хромтау аудандық полиция бөлімшесіне бір қыз жігітінің үстінен арыз түсірген. Қызда бұрынғы жолдасы алимент үшін берген 500 мың теңге мен машина болған. Оның 300 мың теңгесін жұмысқа кіру үшін жігіті қарызға сұрап алған. Қалған ақшаға пәтер жалдап тұрып, ақша біткен кезде жігіт кетіп қалған. Ал ана жігіттің үстінен келіншек полицияға арыз түсірген. Барлық бәле осы жерден басталды», - дейді Әлия Мұратова.

Күдіктіден түсініктеме алған үш полиция қызметкері Қылмыстық кодекстің 146- бабының 2-бөлімімен қазір қамауда отыр.

«Олар келіншектің ақшасын алып кеткен Медет Куспанов есімді тұрғынды 1 наурыз күні кешкілік полиция бөлімшесіне әкеліп, түсініктеме алады. Оны кешкі сағат 8- де «таңертең сағат 9- да кел» деп бөлімшеден шығарып жібереді. Түнде ол адам басының ауырғанын айтып, дәрігерге барған. Одан шығып түнде прокуратруаға арыз жазған. Түнде жазған арызымен таңертең 2 наурыз күні «қысым көрсетті» деп прокурорларды ертіп әкелген. Ертеңіне «таяқ жедім» деп экспертиза жасатқан. Қолындағы көгерген жер «үш сағат бұрын жасалған» деген қорытынды бар. Ал оның полицияда болғанына бір күн өтіп кетті. Полицейлерге қастандық жасалып отыр. Ол адамнан түсініктеме алып отырған кезде іс қозғалып жұмыстан шығып кеткен бұрынғы әріптестері хабарласып «Жібере салыңдар ол керек адам» деп айтқан. Айтқандарындай болмаған соң, өздерін қысып жіберді», - дейді келіншек.

Олар аудандық сотта сараптама қорытындысының ескерілмей қалғандығын айтады.

«Жұмыссыз жүрген нашақордың арызымен үш полицияны қамап тастады. Ол адам сотқа өзінің бұрын сотталмағанын айтты. Бірақ, оның Ақтау қаласында алаяқтыққа қатысы бар екенін біліп отырмыз. Полицияға «ақшамнан айырылдым» деп арыз түсірген қыздың арызы да қаралмай қалып отыр. Сот төрағасы медициналық эксперт қағазын, медбике мен дәрігердің жауабын алмай тұр. Сот шешімін бір адамның дәлелсіз арызымен шығарылып отыр», - Әсел Мұратова.

Сот шешімімен полиция қызметкерлері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған.

«Арызданушының дене жарақатын алмағандығын дәлелдейтін медбике бар, үш сағат бұрын жасалынған жарақат екенін айтқан медициналық сараптама бар. Ол адамды ұрмағандығын айтатын қаншама куәгерлер бар. Шағымданушы адам сотқа келген жоқ. Оның тарапынан ешқандай қызығушылықты көрген жоқпыз. Сотқа берген түсініктемесінде де ол шатасып тұрды. Бұл жерде полиция қызметкерлеріне қастандық жасалып тұр», - дейді Сырым Қадіржановтың қарындасы.

Полиция қызметкерлерінің үшеуінің де отбасы, мектеп жасындағы балалары бар. Біреуінің үйленіп жатқан кезде үстінен іс қозғалған. Ақтөбедегі теракт болған күні тойын өткізген келіншек күйеуі қамауға алынған кезде баласын түсіріп алған.

«Той күнін 22 сәуірге белгілеп, неке жүзігін қаңтарда алған болатынбыз. «Қайдағы тойды айтып жүрсің, сен ертең отырасың» деп прокурор тойды болғызбай тастады. Тойымның қашан болатынын біле алмай жүрдім. Кейін той уақыты 5 маусымға қойылды. Сол күні теракт болып, ешқандай әріптестері тойымызға қатыса алмады. Менің жолдасым да той болған күннің ертеңіне лаңкестерді ұстауға кетті. Бойыма қалай бала бітті, солай тергеу басталды. Іс сотқа жетіп, соттың шешімімен оларды қамайтынын естігеннен кейін баламды 8 айлығында түсіріп алдым», - дейді Гүлзат Бахрадинова.

Келіншектер полиция қызметкерлеріне жасалған әділетсіздікті көпшіліктің білгенін қалайды.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео)

Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294193-aqtobede-policiya-qyzmetkerlerininh.html