RU

Атыраулық шенді қарапайым қызметкердің лауазымын көтеру үшін ақша алған

Атыраулық шенеунік пара аламын деп ұятқа қалды деп хабарлайды Ақ жайық.

Атырауда әлденеше рет жалпы сомасы 800 000 теңгеден астам пара алғаны үшін облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Т.К. ұсталды, - деп хабарланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сайтында.

Оның лауазымға тағайындағаны және жалпы қызметте қамқорлығына алғаны үшін қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алып отырғандығы анықталды, - делінген хабарламада.

Исатай аудандық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындағаны үшін ол 100 000 теңге көлемінде, Индер аудандық бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындағаны үшін 50 000 теңге көлемінде пара алған.

Бұдан басқа, кезектен тыс жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін ұсынғаны үшін жалпы сомасы 670 000 теңгеден астам көлемде материалдық құндылық түрінде пара алған.

Қазіргі кезде Т.К. ұсталып, Атырау қалалық ІІБ тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео)

Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294194-atyraulyq-shendi-qarapayym-qyzmetker.html