RU

Жазира Байырбекова: Енем мені аяған жоқ

Танымал әнші Жазира Байырбекова енесі туралы сөз қозғап, оның қатал болғанын елге жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында Жазира Байырбекова енесінің қатал болғанын айтты. Екі жыл енесімен бірге тұрған әнші бүгінде бөлек шыққан. Дегенмен, сол екі жыл оған өмірлік сабақ болғанын айтады ол.

"Екі жыл енем мені солдат секілді ұстады, пісірді, білмегенімді үйрендім, былайша айтқанда аяған жоқ", - деп ағынан жарылды әнші.

Оның айтуынша, аса мейірімді, жұмсақ ананың тәрбиесін көрген Жазира қатал ененің қолына түсіп, ұрысты да жиі еститін болған. Дегенмен, ол енесінің қаталдығына еш өкінбейтінін айтты.

"Мүмкін, оның осындай қаталдығы болмағанда өмірде мен бос адам болып қалар едім", - дейді ол. Оның енесі тіптен, оған күйеуіне дұрыс көңіл бөлмегені үшін, оған баланы ұстатқаны үшін де ұрысқан екен. Себебі, ол кезде заман сондай болған деп түсіндіреді әнші.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео)

Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады

Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр

Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты

Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294273-zhazira-bayyrbekova-enem-meni-ayaghan-zho.html