RU

300 рет пластикалық ота жасатқан танымал әнші көз жұмды

Британияда 300 рет пластикалық ота жасатқан танымал әнші Пит Бернс көз жұмды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Космомольская правдаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Dead or Alive тобының 57 жастағы солисін құбыжыққа айналған келбетіне бола заманауи Франкенштейн атап кеткен. 23 қазан күні жүрек талмасынан қаза болған әнші соңғы 20 жылда 300-ден астам пластикалық ота жасатыпты.

Питтің өзі соңғы сұхбаттарында нағыз құбыжыққа айналғанын мойындап, қатты өкініп жүргенін жасырмаған. Гейлердің қатарынан саналатын әнші түрін барынша әйелдерге ұқсатуға тырысқан.

"300 шақты ота жасаттым. Алғашқы отаны мұрнымды түзету үшін жасатқанмын. 80 жасымда о дүниеге аттансам, Жаратушы мені танымай қалады деп үміттенемін", - деген болатын әнші.

Әншінің ерніне жасаған сәтсіз отасы жағдайын қиындаттырып жіберген. Ол, тіпті тамақты түтікпен жейтін күйге түскендіктен, ота жасаған дәрігерді сотқа береді.

"Ернімді мүлде алып тастау керек болды. Оны сақтап қалу үшін ең үздік дәрігерді іздеп әлемді шарлауыма тура келді", - деген Бернс ернін ендігі Италиядағы оташы ретке келтіретінін айтқан болатын.

Әнші бір жыл бұрын тағы бір ота жасатып, жағдайы нашарлай түседі. Ақыры 57 жастан аспай қайтыс болды.

Тағы да оқыңыздар:

Атыраулық шенді қарапайым қызметкердің лауазымын көтеру үшін ақша алған

Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды

Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміз Өзбекстанға өтіп жатыр деп дабыл қақты

Әйгілі Майкл Джексонның қарындасы көшеге оранып шықты (фото)

Ердоған: Маған қымбатты досым Путиннің көмегі ауадай қажет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294372-300-ret-plastikalyq-ota-zhasatqan-tanymal.html