RU

Тағы да сот талабына бағынбаған Күлекбаевты судья залдан шығарып жіберді

Алматыда қанды теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаев басты сот отырысында сот тәртібіне бағынбағандықтан сот залынан қуылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов осыған дейінгі сот отырыстарында сот өкілдеріне орнынан тұрып, құрмет көрсетпеген Күлекбаевқа тағы да ескерту жасады.

«Кеше сіз ауырып отырмын деген соң отырып жауап беруге келістік. Бірақ, бүгін сот тәртібі бойынша тұр дегенде тұрасыз, сол үшін алдыңғы орындыққа отырыңыз», - деді Ерлан Болатов.

Бұған Күлекбаев естімеген кейіп танытып тор ішіндегі екінші орындыққа барып отырды. Алдына отырыңыз деген судья сөзіне: «Не болды?» деп жауап берді.

Осыдан кейін судья Ерлан Болатов Күлекбаевты залдан алып кетуді бұйырып, адвокаттарына ескерту жасады.

Тағы да оқыңыздар:

Атыраулық шенді қарапайым қызметкердің лауазымын көтеру үшін ақша алған

Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды

Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміз Өзбекстанға өтіп жатыр деп дабыл қақты

Әйгілі Майкл Джексонның қарындасы көшеге оранып шықты (фото)

Ердоған: Маған қымбатты досым Путиннің көмегі ауадай қажет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294438-taghy-da-sot-talabyna-baghynbaghan-kulek.html