RU

Мәскеуде 4 жасар қыздың басын кесіп алған әйел кінәсін мойындады

Мәскеуде бала күтуші болған өзбекстандық Гюльчехра Бобокулова мәскеулік төрт жастағы қызды өлтіргенін мойындады деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Ақпан айында Мәскеудегі метро станцияларының бірінің жанында баланың кесілген басын ұстап тұрған әйелдің видеосы жарияланған еді. Ресейде бұл іс елдің наразылығын тудырып, Орталық Азия елдерінен келетін мигранттарға бақылауды күшейтуге шақырған.

38 жастағы Бобокулованың үстінен сот 24 қазанда басталды. Бобокулова 29 ақпанда Мәскеуде ұсталған. Видеода қара түсті киім мен хиджаб киіп тұрған ол қолына баланың басын ұстап алып "Мен - террористпін" деп айқайлайды. Тергеушілердің мәліметінше, ол бағып, қарап жүрген қызды өлтіріп, басын кесіп, сосын оның үйін өртеген.

Тағы да оқыңыздар:

Атыраулық шенді қарапайым қызметкердің лауазымын көтеру үшін ақша алған

Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды

Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміз Өзбекстанға өтіп жатыр деп дабыл қақты

Әйгілі Майкл Джексонның қарындасы көшеге оранып шықты (фото)

Ердоған: Маған қымбатты досым Путиннің көмегі ауадай қажет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294451-ozbekstandyq-bala-kutushi-maskeulik-q.html