RU

Сағынтаев Атырау облысының әкімін өзімен салғыласпауға шақырды

Өткен жолғы үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа ескерту жасаған еді. Өйткені, мұнайлы өлкенің басшысы шағын және орта бизнесті қолдауға Үкімет бөлген 692 миллион теңгенің бір тиынын да алмаған болып шықты.

Бүгінгі отырыста премьер-министр әкімнен сол жағдайға байланысты есеп беруін сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бақытжан Әбдірұлы, бұл конкурстардың кеш өтуіне байланысты болып отыр. Біз мұны жыл соңына дейін шешеміз», - деді Ноғаев.

Ал үкімет басшысы әкіммен дауласуға құлықсыз екенін айтып, жыл соңында тағы да есеп сұрайтынын ескертті.

«Нұрлан Асқарұлы, бұл мәселе турасында салғыласпай-ақ қояйық.Жыл соңына дейін күтеміз. Сол кезде есеп бересіз», - деп қысқа қайырды Бақытжан Сағынтаев.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда белгісіз біреулер банкке шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алды

Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды

Ақтөбеде 12 жасар қыз оныншы қабаттан секіріп кетті (фото)

Қытай студенті қазақ әндеріне тәнті болып, қазақ тілін үйренуге кіріскен (видео)

Мақпал Исабекова күздің суығына қарамай тағы жалаңаштанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294466-saghyntaev-atyrau-oblysynynh-akimin-oz.html