RU

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан бала туып алған

ОҚО-да 15-жасар қыз 11 жасынан бері өзін зорлап келген ағасынан бала туып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Еуразия" арнасында айтылды.

Қыздың анасы: "Қызымның бүкіл өмірінің тас талқаны шықты", - деп жылап отыр 15-жасар Арунаның анасы.

Күйеуі өмірден озған соң, келіншек қызын әпкесінің үйіне тұруға жібереді. Міне, осы кезден бастап оның ағасы қызды зорлап келген. Ол қызды ұрып-соғып, оны қорқытумен болған. Сондықтан, қыз ешкімге бұл туралы тіс жарып айта алмаған.

«Ол мені ұрып-соғатын. Біреуге айтсам, үйден қуып шығам деп қорқытқан. Аяғым ауыр болғанға дейін шыдап жүрдім. Соңына дейін аяғымның ауыр екенін білмедім", - дейді жеткіншек.

Қазір туысқанының қызын аяусыз зорлап келген ер адам тергеуге алынған. Дегенмен, отбасының халі одан жақсара қойған жоқ. Үйі де, құжаттары да жоқ отбасыға қайырымды жандар тұратын жертөле тауып берген. Жататын төсегі болмағандықтан, отбасы түгелімен суық еденде ұйықтайды. Ал жалғызбасты ана Жанатгүл Баелова мүлдем көрпесіз ұйықтайды екен.

"Мұнда өте суық. Газ плитаны қосып, үйді жылытамыз. Күніне 20 минутқа қосып қоямыз. Ал қыста бірнеше сағат қосамыз. Балалардың бәрі ауырып жүр. Мен өзім көрпесіз ұйықтаймын, төсек жарақтары да жоқ бізде", - дейді ана.

Жанаттың 6 жастағы кіші ұлы не балабақша, не мектепке орналастырылмаған. Ол жазу-сызуды білмейді. Себебі, құжаттары жоқ екен.

Отбасының ауыр халімен танысқан "Аналар үйіндегілер" қыздың құжаттарын жасап, он сегіз жасқа толғанша осында тұруға рұқсат беретінін айтты. Ал он сегізге толған соң, оны үймен қамтамасыз ету мәселесімен айналысатындарын жеткізді. Ал білім беру бөлімі 6 жастағы Бағдатты жуық маңдағы мектепке орналастыруға уәде берді.

Тағы да оқыңыздар:

Атыраулық шенді қарапайым қызметкердің лауазымын көтеру үшін ақша алған

Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды

Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміз Өзбекстанға өтіп жатыр деп дабыл қақты

Әйгілі Майкл Джексонның қарындасы көшеге оранып шықты (фото)

Ердоған: Маған қымбатты досым Путиннің көмегі ауадай қажет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294550-oqo-da-15-zhastaghy-qyz-ozininh-aghasynan-ba.html