RU

Билік жаңа Нұркент қаласын салуға 11,3 млрд теңге сұратып отыр

Үкімет отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өңірлерді дамытудың проблемалық мәселелеріне тоқталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жергілікті атқарушы органдар 64 проблемалық мәселе енгізді, оның ішінде 27 мәселе республикалық бюджеттен 222,7 млрд теңге сомасына қаржыландыруды талап етеді. Проблемалық мәселелердің басым көпшілігі көлік инфрақұрылымы саласына қатысты, 78,2 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ өңірлер инженерлік инфрақұрылымды, сумен жабдықтауды, өнеркәсіпті дамытуды, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылды, білім беруді, денсаулық сақтауды, ветеринарияны қаржыландыруды сұрайды», - деді Бишімбаев.

Оның айтуынша, көлік инфрақұрылымы бойынша 5 өңір 78,2 млрд теңге сомасына қаржыландыруды қажет ететін проблемалық мәселелерді енгізді. Алматы облысының әкімдігі ең ірі жобаны ұсынып отыр - 59,0 млрд теңге.

Атырау облысының әкімдігі 2016-2018 жылдары 11,3 млрд теңге сомасына қаржыландыру үшін тағы бір ірі жобаны ұсынды. Батыс Қазақстан облысы облыстық жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен жыл сайын 7 млрд теңгеден бөлуді сұрайды. Қызылорда облысы әуежайды жаңғыртуға 0,8 млрд теңге сұрап отыр.

«Инженерлік инфрақұрылым бойынша 5 өңір 49,2 млрд теңге сомасына қаржыландыруды талап ететін жобаларды ұсынып отыр. Ең ірі жобалар 21,7 млрд теңге - Астана қаласында ІІД-нің жеке құрамын орналастыруға арналған нысандар, Алматы облысында - 11,3 млрд теңгеге Нұркент жаңа қаласының инженерлік инфрақұрылымын салу», - деді министр.

Тағы да оқыңыздар:

Тағы да сот талабына бағынбаған Күлекбаевты судья залдан шығарып жіберді

Бердібек Сапарбаев 12 жасар балаға көлік мінгізді

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан бала туып алды

Жасы 27-ге келсе де салмағы 28 келіден аспаған жігіттің тағдыры

Шымкенттік келіншек өзін тонамақ болған еңгезердей екі жігітті қан-жоса қылды

Алматыда белгісіз біреулер банкке шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294647-bilik-zhanha-nurkent-qalasyn-salugha-113-ml.html