RU

Сириядағы соғысқа қатысу үшін адам ұрлаған үш ақтөбелік жігіт сотталып кетті

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында Сирияға кетпекші болған 3 жігітке үкім оқылды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жиһад жасауға үндеп, адам ұрлауға қатысқан Нұрлан Өмірбеков 12 жылға қатаң режимдегі абақтыда жазасын өтейтін болады. Оның дүние мүлкі тәркіленеді. Қасындағы оның екі серіктесі Руслан Жанажанов пен Руслан Бердешовке сот 8 жылын жалпы режимдегі абақтыда өтеуге үкім шығарды.

Олар Шам еліне бару үшін ақша іздеген. Абақтыда отырған мұсылман бауырларға намаз оқытпай тиіскен бұрынғы сотталушыдан 5 миллион теңге бопсалаған. Сотқа шағымданған жігіт тірі қалу үшін оларға ақша тауып бере алмайтынын, үйін беретінін айтады. Кейін бопсалаушылардан қашып құтылған ол полицияға шағым түсірген. Жәбірленуші таяқ жегені туралы шағымды соттан қайтып алған болатын.

Сот құжатында Сириядағы ұрысқа қызығушылық танытқан Нұрлан Өмірбеков әлеуметтік желілер арқылы экстремизмді насихаттағаны көрсетілген. Өзінің парақшасына қарулы жиһадқа шақырған материалдар жүктеген. Ол өз мақсатына жету үшін Бердешов пен Жанажановты ертіп, адам ұрлап, тонаушылық әрекет жасаған.

Сот залында олардың әйелдері мен аналары жылап қалды. Ал осыған дейін тергеуге көңілі толмай аштық жариялаған Нұрлан Өмірбеков сот залында үкіммен келісетінін айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Тағы да сот талабына бағынбаған Күлекбаевты судья залдан шығарып жіберді

Бердібек Сапарбаев 12 жасар балаға көлік мінгізді

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан бала туып алды

Жасы 27-ге келсе де салмағы 28 келіден аспаған жігіттің тағдыры

Шымкенттік келіншек өзін тонамақ болған еңгезердей екі жігітті қан-жоса қылды

Алматыда белгісіз біреулер банкке шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294793-siriyadaghy-soghysqa-qatysu-ushin-adam-ur.html