RU

Қазақстандық қариялар Алматының ең көрікті жерлерін аралады (фото)

Әуезов ауданының әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Қарттар айлығы» аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ауданның 20 қариясы Көк Төбеге экскурсияға барды.

Бұл туралы әкімдіктің Instagram парақшасында хабарланады.

Көк-Төбе тауы – қаланың ең бір ғажайып та, әдемі орындарының бірі. Ол теңіз деңгейінен 1 100 метр биіктікте орналасқан. Биіктіктен қала мен оның аспанмен тілдескен тауларын тамашалай аласыз. Бұл жер әсіресе, түнгі мезгілде, қала түрлі-түсті жарыққа шомғанда өте әсем көрінеді.

Шара барысында қариялар Көк-Төбеде алма пішінінде жасалған «Тілектер» фонтанын, балалар қалашығын, Fast Coaster аттракционын тамашалап, кішігірім хайуанаттар бағына, көркем сурет галереясына барды.

Экскурсия соңында Көк-Төбе аумағында орналасқан «Юрта» мейрамханасына арнайы жайылған мерекелік түскі асқа барды.

Тағы да оқыңыздар:

Атыраулық шенді қарапайым қызметкердің лауазымын көтеру үшін ақша алған

Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды

Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміз Өзбекстанға өтіп жатыр деп дабыл қақты

Әйгілі Майкл Джексонның қарындасы көшеге оранып шықты (фото)

Ердоған: Маған қымбатты досым Путиннің көмегі ауадай қажет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294823-qazaqstandyq-qariyalar-almatynynh-enh-k.html