RU

Айдана Меденова қалай киінеді?

Айдана Меденова - қазақ эстрадасына келгелі қылықты, көрікті, дарынды қыздардың бірі ретінде танымал. NUR.KZ порталы Айдана Меденованың киім киісінің топтамасын жасап, назарға ұсынып отыр. Оның стильдік ерекшеліктерін талқылау оқырман талғамына қалды.

Бастапқыда Баян Есентаеваның продюсерлігімен құрылған "KeshYou" тобының әншісі ретінде танылған Айдана, бүгінде жеке әнші ретінде қалыптасып та жүр.

Сондықтан да болар, жуырда ғана тұрмысқа шығып, балалы болған әншінің өміріне деген қызығушылық күннен күнге артып келеді.

Өзінің жеке сән салонын ашқан Айдана көбінесе спорттық аяқ киім кигенді ұнатады.

Дегенмен, оны классикалық үлгідегі костюмдерді киіп жүргенін де көріп қалуға болады.

Айдана Меденованың қысқа белдемшелер, мини көйлектер кигенді ұнататыны белгілі.

Жыртық шалбарлар, түрлі қалпақтар, кең свитшоттар мен қысқа балақты шалбарлар - бұл Айдананың стилі.

Бүгінде кішкентайы бар Айдана қоларбамен серуенге жиі шығады. Оның серуенге киіп шығатын киімі де жеңіл аяқкиім, тамшы тәріздес көзілдірік, қысқа, ыңғайлы көйлектерден тұрады.

Кешкі көйлектері де Айдананың гардеробында жетіп артылады.

Айдана кардигандардың да түр-түрін жақсы көреді.

"Қыздың көзі - қызылда" дегене сөз де Айданаға арнап айтылғандай. Айдананың үстінен қызыл түсті киімдерді жиі байқауға болады.

Жейде тәріздес көйлектер - Айдананың спорттық аяқ киімдерімен дәл үйлесіп тұрғандай.

Тоқыма бас киімдердің ағы, сұры, қоңыры, түрлі модельдерін Айдана сүйіп киеді.

Меденованың үстінен иығы ашық "крестьянка" деп аталып кеткен көйлектер мен жейделерді көруге болады.

Ол тіпті аяғы ауыр кезінде де өзінің бұл әдетінен қалмай, иығы ашық жейде мен қысқа белдемшесін тастай алған жоқ.

Кейде спорттық киім мен аң терісінен жасалған тонды бірге киіп, ел назарына ілігетін кездері де болады. Көк спорттық киім, ақ сұр тон және сары түсті сөмке.

Мынадай жылы тондар онда көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294841-aydana-medenova-qalay-kiinedi.html