RU

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Baq.kz.

Сот Талғат Жәнібековті кінәлі деп таныды, деп мәлімдеді Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 11-12 шілдесінде режиссер Талғат Жәнібеков ғаламторда Мәдениет және спорт министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейнеролик жариялаған болатын.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, өз кезегінде, Талғат Жәнібековті ҚР ҚК 130 бабы 3-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінді. Сот Т.Жәнібековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараты шындыққа жанаспайтынын, Арыстанбек Мұхамедиұлының абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады.

25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ТЖәнібековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК мөлшерінде (шамамен 1 млн теңгеден астам) айыппұл салды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан бала туып алды

Жасы 27-ге келсе де салмағы 28 келіден аспаған жігіттің тағдыры

Шымкенттік келіншек өзін тонамақ болған еңгезердей екі жігітті қан-жоса қылды

Алматыда белгісіз біреулер банкке шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алды

Қазақстанда шығарылған дәрі-дәрмектен Қырғызстанның екі азаматы қайтыс болды

Меруерт Түсіпбаева сәнгер Жадоның талғамсыздығын бетіне басты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1294893-madeniet-ministirin-ayyptaghan-rezhis.html