RU

Сүйіктісі үшін 127 келіге дейін арықтаған қызды жігіті тастап кетті

Ұлыбританияда жүз жиырма жеті келіге дейін арықтаған қызды жігіті тастап кетті деп хабарлайды 24.kz.

Британдық Джорджия Дэвис атты әйел Мэттьюмен мектепте жүріп танысқан болатын. 2008 жылы салмағы 381 келі болған Джорджия Британиядағы ең ауыр салмақты жасөспірім ретінде телешоуға қатысып, бүкіл елге аты шықты. Ал Мэттью болса, Джорджия оқыған мектептегі дене шынықтыру залында еден жуушы болып жұмыс істеген екен.

Жігіт қыздың тым артық салмағына қарамастан, оны сол күйі ұнатыпты. Сол кезден бастап, көңіл жарастырып, бірге болған жұп жақында бір бірімен қош айтысты. Себебі Джорджия тек арықтаудан басқа ешнәрсені ойламай, соның ізіне түсіп кеткен. Ол жаттығу залынан шықпайтын және тек диета бойынша тамақтанатын болған. Сөйтіп, артық салмақ иегері 381-ден 254 келіге дейін арықтапты.

Қыздың тек өз-өзіне ғана көңіл бөле беруі ұнамаған Мэттью қызды тастап кетіпті. Джорджия болса, бұған қатысты тек: «Бұл дегеніміз өмір. Есесіне енді менің өзіме жұмсайтын уақытым болады», - депті.

Достары тарапынан қолдау тапқан ол, жаттығуларды арттырып, бұрынғыдан да бетер арықтауға ниет білдірді, деп хабарлайды The Sun.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан бала туып алды

Жасы 27-ге келсе де салмағы 28 келіден аспаған жігіттің тағдыры

Шымкенттік келіншек өзін тонамақ болған еңгезердей екі жігітті қан-жоса қылды

Алматыда белгісіз біреулер банкке шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алды

Қазақстанда шығарылған дәрі-дәрмектен Қырғызстанның екі азаматы қайтыс болды

Меруерт Түсіпбаева сәнгер Жадоның талғамсыздығын бетіне басты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295051-suyiktisi-ushin-zhuz-zhiyrma-zheti-kelige.html