RU

Әйеліне айтқанын істете алмаған ер адам үйленгеннен кейін 2 сағаттан соң ажырасты

Сауд Арабиясында күйеуге шыққан қалыңдықтың қуанышы ұзаққа созылмады, деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасап 24.kz.

Сөйтсе, күйеу бала оған үйленгеніне небәрі 2 сағат өткен кезде ажырасу туралы арыз беріпті. Артынша белгілі болғандай, жас жұбайлар некесін қияр алдында «үйлену тойындағы суреттерді қандай да болсын әлеуметтік желіде жарияламау туралы» шарт жүзінде келіскен екен.

Бірақ, әйелінің тойдың суреттерін Snapchat желісі арқылы құрбыларына таратқанын біліп қалған ер адам бірден ажырасу туралы арыз берген. Осы жағдайға байланысты екі тараптың отбасылары арасында жанжал туды.

Қалыңдықтың жағы келісімнің әділетсіз болғанын айтса, күйеудің жағы ер адамның солай жасауға құқылы болғанын алға тартты.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Головкин келер жылы әйгілі Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап қалды (фото)

75 ұшақ пен жүздеген кемені жұтқан Бермуд үшбұрышының құпиясы неде?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295164-ayeline-aytqanyn-oryndata-almaghan-er.html